Елімізде қай пән мұғалімдеріне сұраныс бар

968

0

Фото: Kazinform

Еліміздің мемлекеттік мектептерінде 2 817 педагог жетіспейді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінен мәлім етті.

«Бүгінгі таңда мемлекеттік мектеп педагогтеріне қажеттілік 2 817 адамды құрайды. Оның ішінде математика, орыс тілі мен әдебиеті, физика, бастауыш сыныптар, химия, ағылшын тілі, музыка, информатика, тарих, құқық негіздері, көркем еңбек, география, биология, қазақ тілі мен әдебиеті, бастапқы әскери және технологиялық дайындық педагогтеріне сұраныс бар», – деп атап өтеді министрліктен агенттіктің ресми сауалына орай.

Бұған дейін курстық даярлық тәсілдерін жаңарту бойынша педагогтердің біліктілік санаттарына сәйкес деңгейлік білім беру бағдарламалары әзірленіп жатқанын жазған едік.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<