Ең кедей тұрғындар Қазақстанның қай аумағында тұрады?

432

0

Сурет  sputnik.kz

Биыл жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша, Қазақстанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен 177,8 мың отбасы бар. Бұл отбасыларда 1 млн адам өмір сүреді, көрсеткіш бір жылда 4,7% көбейген, деп хабарлады turkystan.kz ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалаларда 88,6 мың осындай отбасында 455,7 мың халық болса, ауылдарда – 89,2 мың отбасы бар, онда 560,8 мың адам тұрады.

«Табысы азық-түлік себетінен артылмайтын отбасына келетін болсақ, олардың саны 9,4 мың – былтырғыдан бірден 2,6 есе көп. Бұл елдегі барлық отбасының 0,3%-ы. Онда 59,5 мың адам өмір сүреді. Қалаларда 24,2 мың халқы бар 4,2 мың осындай отбасы, ауылдарда 35,2 мың халқы бар 5,2 мың отбасы тіркелген», – делінген хабарламада.

Өңірлік бөліністе табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын отбасылардың ең көп саны Түркістан облысында тіркелді: 27 мың — бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,3%-ға аз. Оларда 207,7 мың адам тұрды, 4,8% азайған.

Алматыда осындай отбасында 98,1 мың адам, Шымкентте 76,8 мың адам тұрады.

«Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылары ең аз өңір Ұлытау облысы: 1,6 мың — былтырғымен салыстырғанда 86,8% көп. Онда 9,9 мың адам тұрады», – делінген хабарламада.

Биыл жылдың екінші тоқсанындағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің орташа шамасы жан басына шаққанда айына 47,9 мың теңгені құрады — бұл былтырғымен салыстырғанда 11,1% артық. Сонымен бірге, тұтынуға пайдаланылған кірістер 88,4 мың теңгеге жетіп, бір жылда 15,4% өсті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<