Ет өнімдерінің жартылай фабрикаттарынан ішек таяқшалары бактериясы анықталды

444

0

Қызылорда облысында ет өнімдерінің жартылай фабрикаттарынан ішек таяқшалары тобының бактериясы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жасау мақсатында бірінші жартыжылдықта 1 111 сынама іріктеп алды. Олардың 72,3% -і тағам өнімдері болса, қалғаны тамақ емес өнімдер үлесіне тиеді. Сараптама нәтижесі бойынша өнімдердің 86 үлгісі техникалық регламент талабына сай емес екені анықталды. Атап айтқанда, 14-інде микробиологиялық, 6-ауында физикалық-химиялық, 60-ында таңбалану бойынша кемшіліктер бар.

«Ет өнімдерінің жартылай фабрикаттарынан ішек таяқшасы тобының бактериясы анықталды. Физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздіктер кілегейлі май, ультрапастерленген сүт өнімінде анықталды. Мәселен, май қышқылдарының массалық үлесінің қосынды пайызы бойынша техникалық регламенттер талабына сай емес. Сондай-ақ, сергітетін энергетикалық сусын құрамындағы кофеин нормадан тыс екендігі белгілі болды. Бұдан бөлек, ет өнімдерінің жартылай фабрикаттарындағы ылғалдылық көрсеткіштері де шамадан тыс болып шықты», – деп мәлім етті департаменттен.

Ведомство мәліметінше, техникалық регламент талабына сәйкес келмеген тағам өнімдері сатылымнан алынды. Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада санитарияны сақтамаған асханаларға 1,4 млн теңге айыппұл салынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<