Германияда ер адам ковидке қарсы 217 рет екпе салғызды

771

0

Фото: euronews.com

Зерттеушілердің айтуынша, соңғы 29 айда COVID-19 тудыратын вирусқа қарсы 217 доза вакцина алған неміс азаматынан ешқандай жанама әсері байқалмаған. Магдебург қаласының 62 жастағы тұрғыны қауіпті вирус жұқтырған жоқ, деп хабарлайды Еuronews.

Нюрнбергтегі Эрланген университетінің зерттеушілері мәлімдегендей, ер адам екпені «әдейі және жеке себептермен» көп мөлшерде көп салдыртқан. 

Олар ер адам туралы газеттен оқығаннан кейін онымен байланысып, оның денесінің COVID-19 вакциналарына реакциясын зерттеу үшін сынақтар жүргізуді сұрады. 

«Біздің зерттелушіге барлығы сегіз түрлі вакцина, соның ішінде әртүрлі қолжетімді мРНҚ-вакциналары егілді. Осындай гипервакцинацияға қарамастан, одан ешқандай жанама әсерлер байқалмағаны препараттардың өте жақсы екенін көрсетеді», – деді Эрланген-Нюрнберг университетінің докторы Килиан Шобер. 

Зерттеушілер тобы вакцинаның үш дозасын алған бақылау тобындағы адамдарға қарағанда ер адамда коронавирусқа қарсы иммундық жасушалар мен антиденелер жоғары екенін анықтады. 

«Шамадан тыс вакцинация» иммундық жүйенің бұзылуына немесе жанама әсерлерге әкелмеді. 

Прокурор алаяқтық ісінің бір бөлігі ретінде тоғыз ай ішінде 130 вакцинаны қарады, бірақ бұл адамға қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ, дейді зерттеушілер. 

Тағы 108 екпе жекелей тәртіпте тіркеліп, прокурор деректерімен ішінара сәйкес келген. 

Зерттеушілер зерттеу тек бір жағдайды қарастырғанын және оларды халыққа жалпылай алмайтынын ескертті.

Бұл жағдайды сынап көрген мамандар зерттеу барысында тек бір оқиға ғана назарға алынғанын және көпшілікке бұдан шыққан қорытынды дұрыс деп айтудан аулақ екенін ескертті. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<