Этнос өкілдері арасында өнер байқауы өткізілді

444

0

Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Сырдария» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Өзге ұлт өкілдері арасында іс-шаралар ұйымдастыру» жобасы бойынша Ә.Тәжібаев атындағы №36 мектеп-лицейдің акт залында «Толеранттылық – тарих тағылымы» атты мектеп оқушылары арасында өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен аудандық өнер байқауы өткізілді..

Аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы, «Халықаралық Қазақ тілі қоғамы» ҚБ аудандық филиалының төрағасы, «Сырдария» ҚҚ директоры әділ қазылар алқасы болды.

Байқауға №36, №37 мектеп-лицейдің өзге ұлт өкілдерінің оқушылары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.Байқауда жақсы өнер көрсеткен оқушылар 1,2,3 дәрежелі дипломмен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Өнерпаздарды дайындаған пән мұғалімдері де Алғыс хат табысталды.

Шара соңында естелік суретке түсті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<