Кезекті 100 отбасыға «Рамазан қоржыны» берілді

475

0

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жастар ісі секторының ұйытқы болуымен өткен «Рамазан қоржыны» акциясы кезекті 100 отбасыны қуантты.

Айта кетейік, қасиетті айдың құрметіне орай, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, мұқтаж отбасыларға қолдау білдіріп, қуаныш сыйлау мақсатында еліміздегі барлық мешіттерде аталмыш акция бастау алған болатын.

Сыр жастары да сауапты амалдан құр қалмай, республикалық акцияға өз үлестерін қосуда.

Нақтырақ айтқанда, қалалық «Мүсірәлі ата» мешітінде облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлының қатысуымен өткен қайырымдылық шарасында әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 50 жанұяға «рамазан қоржыны» табысталса, Қармақшы ауданына қарасты Ақай ауылында да 50 отбасыға азық-түлік салынған қоржындар берілді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<