Күн сайын 150 қазақстандық банкрот деп танылып жатыр

201

0

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жеке адамдардың банкроттығы рәсіміне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы 3 наурыздағы банкроттық туралы заң аясында тиісті жұмыстар іске асырылып жатыр. Осы күннен бастап өтінімдерді қабылдай бастадық. Заңға сәйкес, тексеру жүргізуге жарты жыл уақыт қарастырылған. Бұл тұрғыда біз наурызда (өзін банкрот деп жариялағысы келетін адамнан – автор) бірден өтінімді қабылдап, банкрот деп жариялай алмаймыз. Дәл қазір жартыжылдық мерзім өтті. Енді банкрот деп жариялау процедурасы жүріп жатыр. Алғашқы күндері адамдардан түскен 370-тен аса өтінімді қарастырып, оларды банкрот деп жарияладық», – деді Е.Біржанов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, күн сайын банкроттардың тізіміне 100-200 адам қосылып отырады. Жалпы соттан тыс банкроттық рәсіміне 65 мың Қазақстан азаматы өтінім берді.

«1 қыркүйектегі жағдай бойынша 10 мың адам банкрот деп жарияланауы мүмкін, бұл адамдар біртіндеп тізімге қосылып отырады. Алайда өтінімдер күн сайын түсіп жатыр. Тізім толықтырылады. Осы 10 мың адамның шамамен 400-ге жуығын банкрот деп таныдық. Күн сайын банкрот тізіміне 100-150 адам қосылады», – деді вице-министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жеке адамдардың банкроттығы аясында наурыз айында өтініштер қабылдау басталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<