Күзетшіні аяусыздықпен өлтірген күдіктінің туыстары марқұмның отбасына ақша ұсынған

307

0

Фото: ktk.kz

Алматыда күзетшіні өлтірген азаматтың туыстары марқұмның отбасына ақша бермек болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Марқұмның туыстарына күдіктінің жақындары ақша ұсынып, қайғылы оқиғаға өкінетінін айтып, кешірім сұраған. Дегенмен күдіктінің туыстары кешірім бермейтінін айтқан.

Марқұм Нұрбол Қайыпбаевты жұмыс орнында элиталық тұрғын үй кешенінің тұрғыны көлікпен қағып, аяусыз ұрған.

Қапыдағы қазаға өкінген күдіктінің туыстары ақша ұсынған.

«Алдымыздан өтті, «кешіріңіздер» деп, бірақ кешірім болмайды дедік, сот болады. Әділ сот болғанын қалаймыз дедік. Жеңгеме «маған нөмірін бер, ақша салып жіберейін» дейді. Ондай көмек керек емес дедім, ешқандай көмек керек емес. Елдің бәрі, бүкіл Қазақстан болып жинап жатыр. «Кешірім болмайды» дедім, болды», – дейді марқұмның інісі Руслан Қайыпбаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<