Лай көшкінінен қаза тапқан егіздермен мектебі қоштасты

300

0

фото: әлеуметтік желіден

Бүгін марқұмдарды ақтық сапарға шығару рәсімі өтеді, деп хабарлайды Халық үні.

Алматы қаласының №48 мектеп-лицейінің ұжымы бүгін лай көшкінен қаза тапқан жасөспірімдер Денис пен Сергей Шинмен қоштасты.

Қаза тапқан оқушылар туралы жазба мектеп-лицейдің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

Шин Денис пен Сергей – біздің мектептің оқуышылары, сыныптастарымыз, достарымыз! Сіздерді білетін әрбір адам үшін бұл қайғыны айтып жеткізу қиын. Сіздер туралы естелік біздің жүрегімізде сақталады, – деп жазылған жазбада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<