Мәселе шешіліп, ұсыныс орындалды

354

0

«Еңбекқор адам, кәсіби маман – ең сыйлы адам болуы тиіс», – деді Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев.

Осы орайда биыл ауданға қарасты бірнеше ауылдық округтерден жастар бригадалары құрылып, егін алқаптарында қарқынды жұмыстар атқарылуда.

Облыс әкімінің қолдауымен су айдайтын насос пен уақытша егіндік жер және егін егудің дайындық жұмыстарына қолдау көрсетілді.

Еңбекқор жастармен аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімі мен аудандық жастар ресурстық орталығы және ауылдық округі әкімдері тығыз жұмыс жасап, егін егудің тәсілдерін үйретуде.

Өздеріңізге белгілі, аудан әкімі Берік Сәрменбаев Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді ауылдық округтеріндегі жастар бригадаларымен кездесіп, оларға әркез қолдау көрсететінін жеткізді.

Жас диқандар өз ұсыныстарымен бөлісіп, су айдайтын насостарға жанар-жағармай қажеттілігі туралы айтты.

Міне, жастардың ұсыныстары дер кезінде қаралып, қуанышты жаңалықты естіді.

Аудан басшысы жастардың ұсынысы негізінде «Жетікөл жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен байланыс орнатып, жанар-жағармай мәселесін шешті. Жастар бригадаларының әр қайсысына (Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді) 1 тоннадан жанар-жағармай беріледі.

Жақсы іс бастаған жастардың одан әрі талпынып жұмыс жасауына осындай қолдаулар оң әсерін беретіні белгілі.

Барлық еңбекқор жастар атынан аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлына және «Жетікөл жер» ЖШС-нің басшыларына алғыс айта отырып, отбастарына амандық, дендеріне саулық, кәсіптеріне береке тілейміз.

Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<