Мәскеу түбінде Ми-8 тікұшағы құлап, экипаж түгел қаза тапты

626

0

Мәскеу түбіндегі Клин ауданында Ми-8 әскери тікұшағы құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Бұл мәліметті сейсенбі күні РФ Қорғаныс министрлігі журналистерге берген. 19 мамыр күні Мәскеу уақытымен 20:00 шамасында оқу-жаттығу ұшуын орындау кезінде Клин елдімекенінен 20 км жерде Ресейдің Әуе-ғарыш күшіне тиесілі Ми-8 тікұшағы иен далаға құлады. Экипаж түгел қаза тапты», – деп хабарлайды ведомстводан.

Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сай, ӘҒК Бас қолбасшылығының комиссиясы оқиға орнына аттанды. Алдын ала дерек бойынша, апат техникалық ақау салдарынан болған.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<