Меморандумға қол қойылды

907

0

Бүкіл әлемде 1 маусым балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіліп, халықаралық мейрамдардың бірі болып саналады. Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді. Балаларды қорғау күні олардың денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес. Балаларды қорғау күні – мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі.

Балаларды қорғау күні осындай игі шаралардың бірін «Оңтүстік»  өңірлік қолбасшылығына қарасты 5547 әскери бөлімі ұйымдастырды. 1 маусым күні 5547 әскери бөлімі мен Қызылорда қаласының отбасы үлгісіндегі «Атамекен» балалар ауылы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Естеріңізде болса, биыл 7 сәуірде Қызылордадағы «Атамекен» балалар ауылының бір үйіне Ұлттық ұлан батыры Мадияр Қайсаровтың есімі берілген еді.

Тараптар меморандумды Қазақстан Республикасының Президенті Касым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында көрсеткен жастар еліміздің болашағы және оларды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасын іске асыру мақсатында жасасты. Меморандумға балалар ауылы тарапынан директор Лиза Ысқақова және Ұлттық ұлан тарапынан 5547 әскери бөлімінің командирі подполковник Төлеби Чубаев қол қойды.

Меморандумда «Атамекен» балалар ауылының балалары үшін әскери-патриоттық іс-шаралар өткізу, балаларды әскери-патриоттық тұрғыда дайындауға арнайы мамандармен  қамтамасыз ету, өзара көркемөнерпаздар концертін ұйымдастыру, ашық есік күндерін өткізу және тағы басқа тәрбиелік шараларды өткізу қарастырылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<