Несие әперем деп танысының 5,6 млн теңгесін қалтасына басты

588

0

Қызылордада танысынан қомақты ақшаны алдап алып кеткен адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қалалық полиция басқармасына 52 жастағы қала тұрғыны алаяқтық құрбаны болғаны жөнінде арыз түсірді. Оған танысы қомақты көлемде несие алып беретінін айтқан.

«Нәтижесінде алаяқ танысынан 5,6 млн теңге ақшаны қалтасына басқан. Қылмысты ашу бойынша жедел-тергеу тобы құрылды. Бұл бойынша 49 жастағы ер адам ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр», – деп мәлім етті басқармадан.

Ведомство мәліметінше, күдіктіге қолхатпен босатылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<