Облыстық онкология орталығының бас дәрігері тағайындалды

469

0

Бүгіннен бастап Нұржамал Мырзағалиева облыстық онкология орталығының бас дәрігері қызметіне тағайындалды.

Нұржамал Жұмағалиқызы 1968 жылы 7 сәуірде Қызылорда облысында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.

Жоғары білімді. 1993 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын, 1993 жылы Қызылорда қалалық ауруханасында дәрігер-интертич болып бастаған.

04.01.1994-03.10.1994 жылдары Қызылорда қалалық №2 емханада аймақтық дәрігер;

03.10.1994-16.03.1998 жылдары қалалық №2 емханада алдын алу бөлімінің меңгерушісі;

16.03.1998-25.05.1999 жылдары Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасында бас маман;

25.05.1999-15.04.2002 жылдары Қызылорда қалалық №4 емхана бас дәрігерінің емдеу алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары;

15.04.2002-20.02.2003 жылдары «Денсаулық» РМҚК Қызылорда облыстық филиалында дәрігер эксперт;

20.02.2003-15.06.2005 жылдары «Денсаулық» РМҚК Қызылорда облыстық филиалында бөлім басшысы;

20.02.2003-15.03.2014 жылдары Қызылорда қалалық №2 емхана бас дәрігерінің емдеу алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары;

16.03.2014-11.06.2014 жылдары Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінде сарапшы;

11.06.2014-25.12.2015 жылдары Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесі әлеуметтік даму министрлігінде бас сарапшы;

25.12.2015-04.09.2017 жылдары Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу, алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары;

04.09.2017 жылдан күні бүгінге дейін Сырдария аудандық ауруханасының бас дәрігері қызметін абыроймен атқарып келді.