Өрт сөндірушілер суға батып бара жатқан азаматты құтқарды

549

0

Кеше сағат 17:00 шамасында өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Сырдария өзені бойынша рейдтік жұмыстар жүргізу кезінде өзенде белгісіз біреу суға батып, өздігінен жағаға шыға алмағанын анықтады.

Күшейтілген рейдтегі №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Бақытжан Қуанышов, Шыңғыс Сайынов, Нұрлыбек Қалабаев дереу құтқаруға кіріседі. Бақытжан өзінің киімін жедел шешіп, суға секіреді. Шыңғыспен бірге 1973 жылы туған азаматты жағаға шығаруға тырысады. Келесі өрт сөндіруші жақын маңнан сым-таяқ тауып, көмек қолын созады. Содан кейін өрт сөндірушілер зардап шегушіге уақытылы алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Олар осылайша ер-азаматты ажал аузынан құтқарып қалды.

Қызылорда облысы ТЖД

«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару

жұмыстары қызметі» ММ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<