Өткен жылдың наурызынан бері 4 575 науқас қызылшаға қарсы ем қабылдады

377

0

Фото: iStock

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлназ Досмырзаева 2023 жылдың наурызынан бері 4 575 науқас қызылшаға қарсы ем қабылдағанын, оның 3 264-і бала, 1 311-і ересек адам екен айтты.

Басқарма басышысының сөзінше, 2024 жылғы 19 қаңтардағы жағдай бойынша 336 науқас стационарда ем алып жатыр, оның ішінде 236-сы бала. Балалар жұқпалы аурулар стационарындағы орындар 47%-ға толды.

«Инфекциялық стационарларға жүгінушілер саны азаймай тұр. Орта есеппен тәулігіне 100-ге жуық адам түсіп жатыр, оның 75-і бала. Тәулігіне 50-ге жуық адам ауруханаға жатқызылады, оның 35-і бала. Ауру өршігелі бері 92 бала жан сақтау бөлімінде жатып шықты», – деді ол.

Басқарма ақпаратына сәйкес, ауырып жатқандардың негізгі бөлігін 18-30 жас аралығындағы жастар құрайды. Олардың жартысы – мерзімді әскери қызметшілер мен орта және жоғары оқу орындарының студенттері.

Гүлназ Досмырзаеваның сөзінше, қазіргі уақытта қаланың барлық медициналық ұйымында қызылшаға қарсы вакцина жеткілікті. Қоймада вакцинаның 55 620 дозасы бар. Барлық емханада балаларды қызылшаға қарсы вакцинациялау жалғасып жатыр.

Айта кетейік, ЖРВИ және қызылша ауруларына медициналық көмек көрсету үшін емханаларда сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс күндері және демалыс күндері сүзгі-кабинеттері жұмыс істейді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<