Оқушылар Илья Ильинмен кездесті

671

0

Облыстық Полиция департаментінде «Мен және менің полицейім» атты акция аясында мектеп оқушылары Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері Илья Ильинмен кездесті.

Кездесу барысында Илья Ильин өзінің қалай спортқа келгендігі және жеткен жетістіктері туралы айтып берді. Балаларға армандарға жету үшін мақсаттары айқын болуын, күнделікті уақыттарын жоспарлап үйрену керектігін, сабақтарын жақсы оқуларын, өздерін дамыту барысында қазіргі кезден бастап бос уақыттарын тиімді пайдалануы жайлы кеңес берді.

Балаларды өздеріне ұнайтын спорт түрлерімен айналысуға және балалықпен құқық бұзушылыққа бармауға шақырды.

Илья балалармен сұхбаттасу барысында оларға бірнеше кітаптарды оқуға ұсынды. Кездесуде балалар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, жауаптарын алып, естелікке суреттерге түсті.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің бапасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<