ОСК: Қарақат Әбден мемлекеттік тілді жетік біледі

801

0

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясында Қарақат Әбден мемлекеттік тілді білуі деңгейі бойынша емтихан тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орталық сайлау комиссиясында ҚР президенттігіне кандидат Қарақат Әбденнен мемлекеттік тілден имтихан алу үдерісі болды. Емтихан тапсыру барысында үміткер жазба тапсырмасында «Тіл – халықты алтын бесігі» тақырыбын таңдады. Екінші ауызша оқу тапсырмасында Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романынан үзінді оқыды», – деді Лингвистикалық комиссияның мүшесі Дихан Қамзабекұлы.

Сонымен қатар үміткер көпшілік алдында сөйлеу тапсырмасында «Азат елдің еңсесі биік» тақырыбын таңдады.

«Комиссия мүшелерінің ортақ қорытындысына тоқталсақ, Қарақат Әбден мемлекеттік тілді жетік біледі және қойылған сұрақтардың бәріне өз деңгейінде жауап берді», – деді Д.Қамзабекұлы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР президентін кезектен тыс сайлауда үміткер Қарақат Әбден Орталық сайлау комиссиясының қарауына кандидат ретінде құжаттарын тапсырған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<