Қайырымды қоғам –таза экология

11

0

Партияның сайлауалды бағдарламасында «Қайырымды қоғам – таза экология» бағытында табиғатты қорғау бойынша кешенді шаралар белгіленген. Олардың қатарында елімізде 2 миллиард, оның ішінде қалаларда 15 млн. ағаш отырғызып, орман алаңдарын 500 мың гектарға дейін ұлғайту көзделсе, аймақтық деңгейде бағдарламаны жүзеге асырудың Жол картасында ағымдағы жылы облыс бойынша 99,5 мың ағаш-бұта екпелерін отырғызу, жасыл аймақтарда 152,3 мың дана екпелер отырғызу,оның ішінде ағаш-бұта екпелерінің шығымдылығын 65% жеткізу, жасыл желектер санын 5,4%-ға арттыру мақсатында Қызылорда қаласындағы қолданыстағы ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру жоспарланды.

Бүгін «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы Экологиялық мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, осы бағыттағы жұмыстардың орындаласы талқыланды.

Кеңес отырысына кеңес мүшелері, облыстың табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, басқа да құзырлы органдар және облыстық мәслихат депутаттары, осы салаға жауапты аудан әкімдерінің орынбасарлары ZOOM бағдарламасы арқылы қатысты.

Жоғарыда аталған шаралардың орындалуы жөнінде сөз алған облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жансұлтанұлның айтуынша Қызылорда қаласы және Арал, Қазалы ауданы әкімдіктері тарапынан ағаш көшеттері толығымен отырғызылмаған.

Сонымен қатар, жасыл аймақ құру бойынша 152,3 мың дана көлемнің 34,6 мың дана ағаш көшеттері егілген. Бөлінісіне келсек, Қызылорда қаласы және Арал, Сырдария, Жаңақорған аудан әкімдіктері әлі күнге дейін бұл жұмыстарды орындамады. Ал, Қазалы, Жалағаш аудан әкімдіктері тарапынан белгіленген жоспар толығымен орындамай отыр. Биыл егілген көшеттердің шығымдылығы күз айларында белгілі боламақ. Осы орайда басқарма басшысының орынбасары қала және аудандар тарапынан жасыл аймақ құру бойынша жобалық сметалық құжаттардың әзірленбеуіне байланысты 2022 жылғы 251,8 мың дана ағаш егу жұмыстарының көлемін 122,6 мың данаға түсіруді ұсынды. Жиын барысында мәселеге қатысты жоспарды орындамай отырған аудан әкімдері орынбасарларының жауаптары тыңдалып, тиісті ұсынымдар берілді.   

Екінші Қызылорда қаласындағы қолданыстағы ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру мәселесі бойынша қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ғалымжан Қайназаров хабарлама жасады.

Өңірдің экологиялық ахуалы Сырдария өзені бассейінінің кепілді сумен қамтамасыз етілуіне тікелей тәуелді.

Алайда облыс орталығынан Сырдария өзені мен Оңжаға магистралдық каналы өтіп жатқанына қарамастан аяқ сумен қамтылу көрсетікіші 30-35 пайызды құрайды. Осы мәселе бүгінгі күнге дейін шешімін таппай отыр. 

Бөлім басшысының айтуынша күрделі болып отырған Қызылорда қаласындағы су тапшылығының алдын алу мақсатында барлығы 458 млн теңгені құрайтын 31 дана техникалық ұңғымалар орнату бойынша республикалық бюджетке өтінім жолданып, Үкімет резервінен қолдау тауып отыр.Оның ішінде қалаға 12 және қалаға қарасты кент, ауылдық округтерге 19 дана техникалық ұңғымалар орнатылмақ.

Жиын барысында Кеңес төрағасы Нұрбол Аппазов экологиялық аухал  біздің өңірде күрделі болғандықтан, туындаған мәселелерге құзырлы органдармен жедел әрекет етіп, олардың шешілуіне  мұрындық болу керектігін тілге тиек етіп, қала, аудан әкімдеріне ұсыныстар жолдады.