Қала мешіттері 70 отбасыны қуантты

744

0

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен бастау алған игі істердің бірі – «Рамазан қоржыны» республикалық акциясына Қызылорда қаласының мешіттері де үн қосты.

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры, Қызылорда қалалық “Айтбай” мешітінің ұйымдастыруымен 70 мұқтаж отбасыларға «Рамазан қоржыны» атты азық-түлік қоржындары таратылды. Мешіт имамдары мен мешіттің ерікті жамағаттары айдың соңғы он күндігінде 70 отбасыға қуаныш сыйлап, аталмыш акцияны ұйымдастыруға өз үлестерін қосты.

Қызылорда қалалық орталық «Айтбай» мешітінің баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<