Қаламызда Dostyq School мектебі ашылды

691

0

Сурет ашық дереккөзден

Бүгін 1 қыркүйек – білім күні. Кез келген елдің мүддесі мен болашағына білім саласының маңызы зор. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ұстаздар жалақысы көбейді. Бұл ілкімді іс білім саласының маңыздылығын тағы да дәлелдей түсті.

Қазақ халқының білімге құштар болуына ел азаматтары да үлес қосуда. Мәселен, білім күніне орай Сыр бойында Dostyq School мектебі ашылды. Бұл мектеп 10-11 оқушыларды тереңдетіп оқумен қатар, жеке индивид болуға күш жұмсайды. Қазіргі таңда, бірнеше дамыған мемлекет нарықта элиталық мектептің қажеттілігін көрсетті. Жалпы, элиталық білімнің көмегімен дарынды және амбициялы жастар жаңа кәсіп ашып, инновациялық технологияларды дамытып, білім мен денсаулық сақтау саласының сапасын арттырып, елінің әлеуметтік-экономикалық дамына үлес қосады.

– Достық білім беру орталғы бүгінде Достық мектебі болып, ресми түрде ашылды. Қазақстан бойынша 20 жылдық тәжірибесі бар білім беру орталығы екенін білесіздер. Еліміздің түкпір-түкпірінде ашылған орталық 2006 жылы Қызылорда қаласына да келді. Осы күнге дейін 40 мыңнан астам талапкер бізден білім алып, мемлекеттік грантқа қол жеткізді. Әр жыл сайын 2 мыңнан астам оқушымыз Назарбаев зияткерлік мектебі мен Білім-инновация лицейіне грантқа түседі. Достық білім беру орталығы қаншама жылдық тәжірибесін пайдаланып, мектеп болып ашылуды жөн санады. Біз зәулім ғимарат немесе замануи құрылғылармен ерекшеленетін мектеп емеспіз. Ең басты ерекшелігіміз бұл біздің білім берудегі жеке методикамыз. Сол үшін де оқушыларымыз бізді таңдап келді, – деді Dostyq School мектебінің директоры Айдын Асылбекұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<