Қар аралас жаңбыр: Қазақстан бойынша 14-16 қыркүйекке арналған күн райы болжамы

202

0

Сурет: pixabay

Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 14-16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазгидромет» РМК ұсыгған мәлімет бойынша, республиканың басым бөлігінде бірнеше күн бойы құбылмалы болады. Синоптиктердің болжауынша, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады.

«Бүкіл кезең бойына шығыста, 14-15 қыркүйекте солтүстікте, 15-16 қыркүйекте батыста, 16 қыркүйекте республиканың солтүстік-батысында, барлық кезеңде таулы аймақтарда қатты жаңбыр болжанды. Республиканың оңтүстік-шығысындағы облыстарда түнде қар арадас жауады», – деді синоптиктер.

Метеорологтар температура фонында айтарлықтай өзгеріс болмайтынын атап өтті.

Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасы түнде +3+10°, күндіз +13+20°, оңтүстікте түнде +7+15°, күндіз +18+25° болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<