Қараша айында күн сайын 400-ге жуық бала емделуге жатқызылған

991

0

Фото: freepik.com

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі биылғы қараша айында елімізде болған эпидемиологиялық жағдайға түсінік берді, деп хабарлайды Kazinform. 

«Жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне қарағанда, балаларға арналған 2911 орын бар, оның ішінде 139-ы реанимациялық. Елдегі аурухана төсек-орындарының шамамен 52 пайызында балалар емделіп жатыр. Ауру тез тараған өңірлерде резервтік орындар қамтамасыз етілген. Биыл 10 қарашадағы жағдай бойынша 2079 бала стационарлы тәртіпте емделіп жатыр», – делінген министрліктің Kazinform агенттіне берген жауабында.

Сонымен қатар елімізде күн сайын 300-ден астам бала ауруханадан емделіп шықса, ал 400-ге жуық бала емделуге барады.

Жақында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қызылша өршіген өңірлерді атады. 

Республикада қызылшаның 17 мыңнан астам жағдайы тіркелген, 82 пайыздан астамы балаларға тиесілі. Оның ішінде, 83 пайызы – екпе алмаған балалар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<