Қаруланған ер адам елордадағы Kaspi банк ғимаратында тұрғындарды тұтқында ұстап отыр

866

0

Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Елордада Kaspi банктің ғимаратында қаруланған ер адам тұрғындарды кепілге алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Достық көшесіндегі Каспий банкінің ғимаратында ер адам мекемеге келушілермен бірге ішінен есікті құлыптап алған туралы хабарлама келіп түсті. Алдын ала мәліметке сай, ер адам қарулы. Оқиға орнында полиция қызметкерлері ер адаммен келіссөз жүргізіп жатыр», – делінген polisia.kz порталының телеграм арнасында жарияланған хабарламада.

Құқық қорғау қызметкерлері елорда тұрғындарынан сабыр сақтап, құзырлы органдардың қызметіне кедергі келтірмеуді сұрайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<