Қазалыда футболдан турнир басталды

869

0

Кеше Қазалыда Шығыстың жарық жұлдызы Ғани Мұратбаевтың 120 жылдық мерейтойына орай футболдан аудандық турнир басталды.

Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Қазалы қаласындағы орталық стадионда өтіп жатқан жарысқа ауданның әр түкпірінен келген 10 команда қатысып жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<