Қазалыда облыстық батагөйлер сайысы өтті

1311

0

Бүгін Қазалыда «Ақтілеуі атаның, орны бөлек батаның» атты батагөйлер байқауы өтті. Ұлттық құндылық ұлықталған сайыста көпшілік көнекөз қариялардан батаның түр-түрін тыңдады.

Ас қайыру батасынан бастап Наурыз бата, жас жұбайларға арналған бата, сапар бата, ықылас бата баталары самай шашы бурыл тартқан ақсақалдарымыздың аузымен айтылғанда өте әсерлі естілді.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев мұндай ұлттық салт-дәстүрді ардақтап, бата беруді дәріптейтін шараның жастарға берер өнегесі мен тәлімдік мәні өте жоғары екендігіне тоқталды.

Байқауда қоғам қайраткері, Орал қаласында тұратын жерлесіміз Қуанышбай Төлебаев, қоғам қайраткері, игі шараның ұйымдастырушысы Нажмадин Мұсабаев және тағы басқа бірқатар азаматтар сөз сөйлеп, жылы лебіздерін жеткізді.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері Түрікпен Мұсабаев пен Ағжап Өтемұратовтардың 110 жылдығына орай ұйымдастырылғандода тартысты өтті. Жарыс нәтижесі бойынша Бас жүлдені Сырдария ауданынан келген Әлімхан Баһадүров жеңіп алды.

Мұндай шаралар әрі қарттардың қоғамдық іс-шараларға белсене қатысуына себеп болса, енді бір жағынан жас ұрпақты ізгілікке, бірлікке шақыруда маңызы зор болмақ дейді шара ұйымдастырушылары.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<