Қазақстан Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын кеңейтуге мүдделі

894

0

Сурет ашық дереккөз

Қазақстан Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын кеңейтуге мүдделі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапары барысында Си Цзиньпинмен жүргізілген келіссөз кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«Қазақстан Қытайға жіберілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын кеңейтуге мүдделі. Тек былтыр ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара сауда-саттық көлемі 780 млн доллардан асты. Қазақстан бұршақ дақылдарын, жоғары сапалы әрі экологиялық таза мұздатылған сиыр және қой етін жеткізуге дайын», – деді Президент.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<