Қоғамдағы тұрақтылық пен бірлік

708

0

Қызылорда облыстық Мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің төраға орынбасары Гүлнар Есқалиева М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжіндегі «Мәншүктің 100 жылдығы мен колледждің 90 жылдығына орай өткізілген шараларды қорытындылау» салтанатты жиынына қатысты.

Бүгінде білім ордасының тасқа басқандай шежірелі тарихымен осынау жылдары білімді – құмар, тәлімді –тұмар қылып Мәншүк есімін иеленгеніне де 70 жыл толып отыр. Ғасырға жуық тарихы бар оқу орнының көңілге қуаныш ұялатып, абыройға бөлейтін білім, өнер майданындағы оқытушыларымыз мен студенттер баршылық. Колледж әрқашан жеңіс төрінде келеді. «Үздік білім мекемесі», «Білімнің алтын қазынасы» номинацияларын иеленген білім ошағы ел Тәуелсіздігінің 30 жылын лайықты табыстармен қарсы алып, Батыр қыздың 100, өзінің 90 жылдығына нық қадам басып келеді.

Жиында облыстық мәслихат депутаты Гүлнар Есқалиева: «Елдегі маңызды саяси сәттің жауапкершілігі зор. Референдум Республиканың бүкiл аумағында 5-шi маусым күні өткiзiледi. Референдум дегеніміз – бұл Конституцияға өзгерістер енгізу қажеттігі бойынша бүкiлхалықтық дауыс беру рәсімі. Ата Заңға ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар әрбір азаматтың негізгі құқықтары мен кепілдіктерін, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті қорғауға бағытталған» деп, барлық қатысушыларды бірауыздан 2022 жылдың 5 маусым күні өтетін республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды. Әрі қарай өркениет көшінен қалмай, жыл сайын жаңарып, жаңғырып отырған оқу орны бүгінде жоғары колледж деген мәртебелі атауға ие болғанын айтып, оның қажырлы еңбек арқылы жеткен жетістік екенін атап өтті. Сонымен қатар білім ошағын ұзақ жылдар бойы басқарған Ұлмекен Ыбырайқызы, Әлима Жақыпқызы, Бақытжан Әбдіхалықұлы, Жақсыгүл Қоқанқызы және барша оқытушы әріптестердің еңбегін тізбектеп, білім беру саласының дамуына қосып жатқан еңбектеріне шынайы алғысын білдірді. Еліміздің болашақ иелеріне сапалы білім мен өнегелі тәрбие берудегі жауапты қызметтеріне абырой тіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<