Қоғамдық кеңес отырысы өтті

280

0

Бүгін қалалық мәслихаттың мәжіліс залында қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебайдың төрағалығымен және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары Асылхан Ашиковтың қатысуымен «Бизнеске жер телімдерін бөлу және олардың қолжетімділігі, сондай-ақ бизнес объектілеріне инфрақұрылымды жеткізу» қызметіндегі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындылары бойынша қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Жиын барысында сөз алған Асылхан Амангелдіұлы Департаментпен 17 қаңтар – 27 ақпан аралығында бизнес жүргізу үшін жер телімдерін және ауыл шаруашылығы жерлерін бөлу барысындағы тәуекелдерге байланысты сыртқы талдау жүргізілгенін атап өтті.

Осы орайда, осы салаға қатысты жүргізілген сыртқы талдау анықтамаларында көрсетілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сәйкес табылған ұсынымдарға жеке-жеке тоқталып, ұсынымдардың бірқатары бизнес-процесстерді электронды форматқа көшіру, қолданыстағы ақпараттық жүйелерді өзара интеграциялау яғни, орталық деңгейде шешуді талап ететіндігіне назар аударды.

Қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай жер қатынастары саласы бойынша түйткілді мәселелерді талқылап, Департамент тарапынан келтірілген кемшіліктер бойынша алдағы уақытта жол бермей, шешу жұмыстарына аса маңызды көңіл бөлу қажеттігін айта өтіп, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмаларды жүктеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<