Қырғызстанның пойыз вагондары желіні таңғалдырды

1103

0

«Кыргыз темир жолу» ұлттық компаниясы филиалының вагон жөндеу зауытында істен шыққан вагондарды қайта жөндеп пайдалануға берілген вагондар таныстырылды. Ол республика ішіндегі қатынас үшін арналған, – деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі тасымалдаушының ресми сайтына сілтеме жасап.

Кәсіпорынның мәліметінше, модернизация басталар алдында вагон конструкцияларын одан әрі пайдалану тұрғысынан толық тексеру жүргізілді. Қауіпсіздік мақсатында кузовтың конструкциясын өзгертпей жөндеу жүргізілді. Кейін «Кыргыз темир жолу» ҰК» МК сынау орталығында өрт және электр қауіпсіздігі ережелерінің талаптары бойынша сәйкестіктің барлық рұқсат беретін актілерін ала отырып, вагонның беріктігі мен қауіпсіздігі сыналды.

Вагонның ішкі интерьері жақсартылды және жолаушылар салонында неғұрлым ыңғайлы және қауіпсіз болды. Терезелер ұлғайтылып, панорамалық терезелер мен жаңа креслолар орнатылды. Жүріс бөліктері мен автотежегіштердің элементтері пайда болды, бұл қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, қыс-жаз ауа баптау жүйелері, сусындарды салқындатуға арналған тоңазытқыш және ауыз суға арналған кулер енгізілді. Жолда теледидар қарауға болады.

Компания вагонды өз қаражатына жүргізді. Бұған дейін 30 жыл ішінде Қырғыз темір жолы жаңа жолаушылар вагондарын сатып алмаған болатын.

Желіде пайда болған суреттер пайдаланушыларды таңғалдырды. «Сондай әдемі, мұндай вагондға қуана отырар едім. Жарайсыңдар, қырғыздар, бізге бұл туралы армандау мүмкін емес», – деп жазады Қазнеттің пайдаланушылары.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<