Қызылорда тұрғыны 11 күннен бері табылмай жатыр

1017

0

Қызылорда қаласында 32 жастағы азамат 11 күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Қызылорда қаласында тұратын 32 жастағы тұрғын Жанерке Байзақова үйінен 9 тамызда белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері үйіне қайта оралмаған.

«Осыған байланысты Қызылорда қаласы Полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері төмендегіше: бойы – 1,70-1,75 см, орта денелі, көзі қара, шашы қоңыр түсті.

Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8-(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуларыңызды сұраймыз», – деп жазылған Қызылорда қаласы Полиция басқармасы таратқан хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<