Қызылордада сотталушыға жақындары спирттік ішімдікті ерекше тәсілмен кіргізбек болған

288

0

Фото: Азаттық-Ньюс

Күн өткен сайын жазасын өтеушілерге заңсыз «сыйлық» жасағысы келетіндер көбейіп барады. Бұл жолы қолға түскен «олжа» спирттік ішімдік. Қызылордадағы түрмеге 9 жылға сотталған азаматқа ұзақ мерзімді кездесуге жақындары алып келген сәлем-сауқатты тексеру барысында сусынның ішіне спиртті ішімдік құйып алғаны мәлім болды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Тыйым салынған заттардың түрмеге еніп кетуін болдырмау үшін орнатылған рентген аппараты орнатылған. Бірақ та көп жағдайда заң бұзушылықтарды анықтау үшін бұл жеткіліксіз болып жатады. Сол себепті түзеу мекемесінің жедел уәкілдері сотталушыларға келген әр сәлемдемені арнайы құралдары арқылы тексереді. Анықталған спирттік ішімдік те дәл осылай тексеру нәтижесінде белгілі болған.

– Орын алған әрекет бойынша Н. есімді азамат ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде ескерту жасалды, – деп мәлімдеді Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<