Қызылордада үш ер адам жезөкшелікпен айналысқан

525

0

Қызылордада жезөкшелікпен айналысқан үш ер адам есепке алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысының Полиция департаментімен жылдың 7-9 қыркүйек аралығында облыс көлемінде «Stop-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Облыс аумағында атқарылған жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде адам саудасына байланысты 4 қылмыс тіркелсе, оның ішінде жезөкшелікпен айналысуға тартудың бір дерегі, сонымен қатар жеңгетайлықпен айналысудың үш дерегі анықталды.

Рейдтік іс-шаралардың жүргізу нәтижесінде қоғамдық орында тиісудің 43 дерегі анықталып, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 449-бабымен (Қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сатып алу, сату, айырбастау немесе иемдену мақсатында кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын адам жасаған, сондай-ақ бал ашу, қайыршылық, сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдіру) әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 450-бабымен жезөкшелікпен айналысуға үй-жайды ұсынғаны үшін төрт азаматша анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында жеңгетайлықпен айналысқаны үшін бір адам және 10 адам жезөкшелікпен айналысқаны үшін есепке алынды. Жезөкше есебіне қойылғандардың үшеуі ер адам.

Бұл бағытта жұмыстардың жүргізілуі өз жалғасын табуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<