Сәбит пен Сағиға елордадан пәтер берілді

897

0

Сегізінші қабаттың терезесінен құлайын деп тұрған қызды құтқарған Сәбит Шонтақбаевқа үш бөлмелі пәтер табысталды. Сәбит Шонтақпаев өзіне үй сыйлаған «G-парк» компаниясының басшылығына алғысын білдірді. «Бұлай болады деп ешкім ойламаған. G-Park компаниясының директоры Ғабит мырзаға алғысым шексіз. Осы астана қаласынан 3 бөлмелі пәтер сыйлап жатыр. Рахмет!» – деді ол.

Айта кету керек, Сәбитпен бірге бүлдіршінді құтқарған Сағи досына да «View Park Family» тұрғын үй кешенінен 2 бөлмелі пәтер берілді. Екі достың ерлігі көпке үлгі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<