Сайлауалды бағдарламаның орындалуы фракция отырысында қаралды

229

0

Фото: Аманат партиясы

Бүгін облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Онда «AMANAT» партиясының Қызылорда облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасының іске асырылу барысы қаралды.

Фракция отырысына партияның облыстық филиалының төрағасы Н.Байқадамов, облыс әкімінің орынбасары Д.Жаналинов, партия филиалының Атқарушы хатшысы Л.Төрешова, фракция жетекшісі А.Оңғарбаев сонымен қатар тиісті облыстық басқарма басшылары қатысты.

Күн тәртібіне ұсынылған мәселе бойынша  облыс әкімінің орынбасары Жаналинов Данияр Еренғалиұлы өңірде атқарылған жұмыстар бойынша фракцияға есеп берді.

Партияның сайлауалды бағдарламасын өңірде іске асыруға бағытталған Жол картасы 122 іс-шараны қамтиды. Мұнда аймақ экономикасын дамуытуға  инфрақұрылымдық жүйелерді жақсартуға, білім беру, денсаулық сақтау мәдени және спорттың қолжетімділігін арттыруға, әлеуметтік санаттағы азаматтар мен жастарды қолдауға, экологиялық жағдайды жақсарту бойынша шаралар қамтылған. 

Атқарылған жұмыстарға атап өтсек, ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция көлемі өткен жылмен салыстырғанда 37 пайызға артты. Ірі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында ағымдағы жылы 11 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Бүгінгі күні 8 жоба жүзеге асырылып, 101 адам тұрақты жұмыспен қамтылды

Жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында 32133 жаңа жұмыс орны ашылып, жоспар 24,4 пайызға артық орындалуда Жалпы өңірдегі жұмыссыздық деңгейін жыл соңына дейін 4,9%-дан асырмау бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

Инфрақұрылымдық жүйелерді жақсарту мақсатында қазіргі таңда облыста барлығы жалпы алаңы 649,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жоспар 16,7 пайызға артты. Есепті кезеңде Қызылорда қаласында жалғыз тұрғын жайы авариялық жағдайда деп танылған азаматтарға 34 пәтер және халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 260 пәтер сатып алынды.

Жыл соңына дейін 592 пәтерлік 15 тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспарлануда.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша 72 жобаны жүзеге асыруға бюджеттен барлығы8,4 млрд.теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күнге 21 жоба пайдалануға беріліп, 424,9 шақырым инженерлік-инфрақұрылым желілері жүргізілді.

Сонымен қатар, 17 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен 862,4 млн.теңге бөлініп, құрылыс-монтаждық жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, облыстағы жақсы жағдайдағы жолдың үлесін 87%-ға жеткізу мақсатында бюджеттің барлық көздерінен 36 млрд.теңге қаржы бөлініп, нәтижесінде 569 шақырым автомобиль жолдары, көшелер және көпір өткелдері жөндеуден  өтуде. 

Тағы бір маңызды жоба «Қызылорда-Жезқазған» автожолы қайта жаңғыртылуда. Жоба құны 108,5 млрд теңге. Қызылорда облысының аумағына тиесілі 216 шақырым жолдың 104 шақырымының құрылысы аяқталуда. Қалған бөлігі 2025 жылы халық игілігіне беріледі.

Қоғамдық көліктің мәселесін шешу үшін 300 автобусқа келісім-шарт жасалып, бүгінде 200 автобус тұрақты қызмет көрсетуде. Қалғаны жыл аяғына дейін келеді.

Ауыз су мәселесіне келетін болсақ Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауыз су қысымын көтеру мақсатында 6 насостық станция мен 50 ұңғыманы жөндеуге, насос қоңдырғыларын алуға облыстық бюджеттен 620 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жыл аяғына дейін аяқталады.

Елді мекендерді газбен қамту бойынша 4 елді мекенге табиғи газ берілсе, 11 елді мекенде газдандыру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жыл аяғына дейін аяқталады. Осының нәтижесінде газбен қамту деңгейі 75 пайызға жеткізіледі» – деді жиында өңірлік Жол картасының орындалуы бойынша хабарлама жасаған облыс әкімінің орынбасары Жаналинов Данияр Еренғалиұлы.

Жалпы бағдарлама аясында әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін арттыру мақсатында бірқатар нысандардың құрылысы жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Президент тапсырмасына сәйкес 3 жылда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облысымызда 21 мектеп салынады. Қазіргі таңда 10 мектептің құрылысы жүргізілуде, қалған 11-і келесі жылы басталып, 2025 жылы толық тапсырылады.

Денсаулық сақтау саласында Қызылорда қаласында бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы басталды. Мұнан бөлек облыстың медициналық ұйымдарын сапалы қанмен қамтамасыз ету мақсатында Қан орталығының құрылысы жүргізілуде.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында елді мекендерде 27 нысан салынады. 15-і жыл аяғына дейін тапсырылады.

Мәдениет және спорт салаларын дамыту мақсатында үстіміздегі жылы 5 ауылдық клубтардың және 8 дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылыстары мен 11 мәдениет және спорт нысандарына күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталады.

Өңір жастарының белсенділігін арттыру мақсатында «Сыр жастары» бағдарламасы аясында алғаш рет 100-ден астам жас отбасыға тұрғын үй беруге 1,7 млрд.теңге бөлінді.

Жалпы Жол карта аясында есепті кезеңде атқарылған жұмыстар көңіл қуантады. Дегенмен күн тәртібіндегі мәселелер бойынша фракция мүшелері тарыпанан түрлі ұсыныстар ортаға салынып, хаттамаға енгізілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<