Шағын футболдан аудандық турнир өтті

233

0

6-7 тамыз аралығында Жаңақорған кенті Қорғантоғай спорт алаңында Жаңақорған ауданының 90 жылдығына орай және «Байкен-U» ЖШС-нің ардагерлерінің жүлдесіне арналған шағын-футболдан аудандық турнир өткізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша 1 орын Жаңақорған жастары, 2 орын Хорасан-2, 3 орын Алтынсарай иеленді. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Жаңақорған ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамоталарымне марапатталып, «Байкен-U» ЖШС-нің тағайындаған бағалы сыйлықтары табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<