Мал қора өртенді

334

0

Кеше 04 сағаттан 30 минут өткенде Жалағаш ауданы, М.Шәменов ауылы, М.Қалжанов көшесі №8 тұрғын үйдің ауласында ауданы 625 шаршы метрді құрайтын мал қора толығымен өртенді.

Жоғарыда атап көрсетілген мал қораның ішінде бірнеше мал болған, 500 дана престелген шөбі мен 500 дана жоңышқа болған. Өрт 06 сағаттан 02 минут өткенде оқшауланып, 06 сағаттан 43 минут кеткенде толық сөндірілді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 04 сағаттан 58 минут өткенде жеткен. Өрт сөндіру бөлімімен оқиға орнының ара қашықтығы 22 шақырымды құрайды.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртенген малдың саны мен өрттің шығу себебі анықталуда. Зерттеу өрт-сынақ зертханасы тағайындалды.

Өртті сөндіруге оқиға орнына шыққандар: ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» (10 қызметкер және 1 бірлік техника), Ерікті өртке қарсы қызметі (4 адам).

Өңір тұрғындарынан тұрмыста және шаруашылықта өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз.

Қызылорда облысы ТЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<