Студенттердің белсенділігін арттыруға арналған семинар-тренинг

584

0

Қызылорда «Болашақ» университетінің педагогика, дефектология кафедрасында «ЖОО студенттерінің белсенділігін арттыру» тақырыбында студенттерге арналған семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингте студенттердің жеке ерекшелігі мен қызығушылығы тренингтік тәсілдер негізінде қарастырылып, белсенділіктерін арттыруға ықпалы айқындалды.

Шараға облыстық жастар денсаулығы орталығының психологы К.К. Жолаханова және университет студенттері қатысты. Семинар-тренингті ұйымдастырушы, әлеуметтік ғылымдар магистрі, аға оқытушы М.Д. Қасымбекова тақырып аясында түсініктеме беріп, баяндама оқыды.

Шара қонағы К.К. Жолаханова студенттердің белсенділігін арттыру барысында түрлі тренинг жүргізді. Тренинг басталмас бұрын, тренинг ережелерімен таныстырып және сол ережемен бірігіп жұмыс жасау ескертілді. Тренингке барлық студенттер белсенді қатысып, өз ойларын ашық жеткізе білді. Студенттер белсенділігінің артуы басқа да белсенді және интерактивті формалар мен тәсілдерге қарағанда, тренингтің айтарлықтай әсерінің зор екенін көрсете білді.

Шара соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.

«Болашақ» Ғылыми-зерттеу институтының

әлеуметтік мәселелерді психологиялық және

дефектологиялық зерттеу орталығы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<