Тергеу изоляторының жеке құрамы жас қызметкерлермен толықты

820

0

Қызылорда облысындағы ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК- 169/1мекемесінің жеке құрамы 14 жас қызметкермен толықтырылды. Жас азаматтар ІІМ–гіне қарасты Ш. Қабылов автындағы Қостанай академиясында 3 айлық курстан өтіп келді. Алғашқы кәсіби теориялық білімдерін жетілдіріп келген бұл толқын енді практика жүзінде қылмыстық атқару саласындағы қиындықтарды көзімен көріп, біліктіліктерін дамытады.

–  Бүгін жаңадан келген қызметкерлерге алдымен қылмыстық – атқару саласының ерекшеліктері, қажетті құжаттар мен жетондарға мұқият болып, қызметтік киім үлгісіне және сыртқы келбетіне әрдайым  ұқыпты қарап жүру керек екендіктері ескертілді.  Одан соң, олар арнайы ғимаратты аралап, күнделікті жұмыс процесімен танысты. Алдағы жұмыс барысын тез игеріп кетулері үшін және  қиындықтарға төселдіру мақсатында тәлімгерлер тағайындалады. Тәжірибиелі тәлімгерлер  жаңадан келгендерге жұмыс барысындағы ақылшы, қамқоршысы болуымен қатар, қызметтік дәрежесінің өсуіне де жол көрсетіп, бағыт- бағдар беріп отырады. Осылайша, біздің тергеу изоляторында, жас толқын алдыңы буынның орнын толтырып, Отанымызға адал қызмет етіп келеді, – деді мекеменің кәсіби қызметтік және денешынықтыру даярлығы жөніндегі инспекторы, әділет аға лейтенанты М.Тұрымбетов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<