Су басқан Құлсарыдан бір адамның мүрдесі табылды

309

0

Фото: Kazinform

Тасқын су басқан Құлсарыда әкесі мен баласы жоғалып кеткен еді. Бүгін әкесінің мүрдесі табылды

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының ақпаратына сүйенсек, 14 сәуірде таңғы сағат 09:00 шамасында табылған.

«Құлсары қаласында 6 сәуірде әкесі мен баласы бірге жоғалып кеткен еді. Әкесі 1976 жылғы, ал бала 2000 жылы туған. Олар рұқсат ету құжатынсыз су басқан тұрғын үйін қарау үшін барған. Алайда, олар эвакуациялық пунктке кері оралмаған. Сол күннен бері жоғалып кеткен әкесі мен баласы іздестірілді», -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Іздестіру жұмыстарына 40 қызметкер, 6 жүзу құралы, 1 бірлік техника жұмылдырылды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Құлсарыда су тасқыны кезінде екі адам жоғалып кеткені хабарланған еді. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<