Сырбойылықтар Digital Bridge 2023 форумына қатысты

436

0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің кәсіпкерлік орталығы Астана қаласында өткен Digital Bridge 2023 форумына қатысты.

Digital Bridge 2023 халықаралық форумына 30 елден келген делегация, 300-ден астам компания өкілі, 450 спикер, 100-ден астам инвестор, жалпы есеппен 30 мыңнан астам қатысушы жиналды.

Басты мақсаты − Қазақстанның инновациялық экожүйесіне қатысушылар арасында диалог алаңын құру, цифрлық даму саласы бойынша тәжірибе алмасу. Биылғы форум «Artificial and Human Intelligence: The right balance» тақырыбына арналды.

Ауқымды шарада мемлекет басшысының қатысуымен пленарлық отырыс, one-to-one кездесу, халықаралық спикерлердің қатысуымен 30-дан астам панельдік сессия, Astana Hub Battle, стартаптар туралы «Meet the Drapers» америкалық реалити-шоудың түсірілімі, бос жұмыстар жәрмеңкесі өтті.

Сонымен бірге, экожүйенің дамуында маңызды рөл атқаратын өңірлік 14 IT-хаб таныстырылды. IT-көрмеде кәсіпкерлік орталықтың басшысы Жанарыс Алтынбекұлы Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторының жұмысын таныстырып, Сыр өңіріндегі цифрландырудың дамуы, білім беру бағдарламалары және аймақтағы жаңалықтармен бөлісті.

«Kyzylorda Hub мақсаты−өңірде IT мамандар даярлау және стартап, инновациялық жобалардың дамуына үлес қосу. Осы орайда түрлі білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудамыз. Өңірлік орталықтарға тоқталатын болсақ, Astana Hub халықаралық технопаркінің бастауымен елімізде 14 IT-хаб ашылды. Әр өңірдің жастары өз қаласындағы орталыққа барып курстар, семинарлар мен бағдарламаларға қатыса алады. Бұл – жастарға берілген үлкен мүмкіндік», – деді Жанарыс Алтынбекұлы.

Айта кетейік, Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің кәсіпкерлік орталығы және Қызылорда облысы ақпараттық технологиялар орталығының базасында стартаптармен новаторларды қолдау мақсатында ашылды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

медиа орталығы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<