Оған дейін студенттер екіұдай күй кешеді. Ал әлгі жоспарды жүзеге асыру мақсатында нақты шаралар қабылданыпты. Қазір аймақта кәсіптік-техникалық орта білім беретін 30 білім нысаны бар. Оның 16-сы мемлекеттік. Сол мемлекеттік колледждердің алтауында студенттер үйі жоқ. Облыс бойынша жатақхана қажеттілігі 1525 орынды құрап отыр. Мәселен, Қызылорда политехникалық колледжінің жанынан келесі жылы 300 орындық жатақхана салу жоспарда бар. Бүгінде аталған құрылыстың жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. Сондай-ақ облыс орталығындағы медициналық колледжге қажетті 400 орындық жатақхана мәселесі жекеменшік әріптестік аясында шешімін тауып отыр. Одан бөлек инвестициялық жоба аясында сол жағалаудағы жаңа қала аумағынан тағы 400 орынды екі жатақхана бой көтереді.
Жасұлан Шынтасов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:
– 2019 жылы 1525 орындық жатақханаға қажеттілігіміз бойынша жұмыстарды толықтай аяқтап, 2020 жылы Қызылорда облысында студенттердің жатақханаға деген қажеттілігі толықтай шешілетін болады деп жоспарлап отырмыз.
«24 кз арнасы«
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<