Тимур Сегізбаев турнирі басталды

819

0

Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионның қосалқы алаңында қазақ футболының аңызы Тимур Сегізбаевтың жүлдесі үшін жарыс басталды.

Он үшінші мәрте ұйымдастырылған бәсі биік бәсекеге 2007-2008 жылы туған жеткіншек футболшылар қатысуда. Турнирге 10 команда қатысуға ниет білдіріп, турнирдің бас жүлдесіне таласпақ.

Аладоп бәсекесінің ашылу салтанатында облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов пен облыстық футбол федерациясының бірінші вице-президенті Болат Көшербаев қатысушыларды құттықтап, аты аңызға айналған футболшы Тимур Санжарұлын еске алуға арналған турнирдің өңірде жасөспірім спортшыларды тәрбиелеуде маңызы зор екенін атап өтті.

Айта кетейік, жарыс 18 маусымда қорытындыланады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<