Сенатор Бақытжан Жұмағұлов Қазақстан Президентінің төртінші әлеуметтік бастамасы аясында жұмыссыз жүрген және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға шағын несие беруге бағытталған жұмыстарға оң баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Төртінші бастама бойынша шағын несие көлемін арттыру үшін қосымша 20 млрд теңге қаражат бөлініп, жалпы сомасы 62 млрд теңгеге жетті. Былтыр жағдай мүлде басқаша еді», – деді Бақытжан Жұмағұлов Павлодарда «Нұр Отан» партиясы облыстық активінің отырысында. Сенатордың айтуынша, жұмыссыз жүрген және өзін-өзі жұмыспен қамтыған 14 мың азаматқа шағын несие беру жоспарланған. Қазірге дейін 3,7 мың азаматқа жалпы сомасы 21,3 млрд теңге мөлшерінде несие берілді. «Жұмыстың басы жақсы басталды, бірақ қарқынды күшейту қажет. Қазір тамыз, республика бойынша жоспардағының 27%-ы несие алса, облыста бұл көрсеткіш 23%-ды құрайды немесе 148 адам», – дейді ол. Б. Жұмағұловтың айтуынша, Павлодар облысындағы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды шағын несиеге тарту қажет.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<