Ауданның 90 жылдығына орай Сырдария ауданынан шыққан білікті дәрігерлер аудандық емхана және аурухана базасында тегін кеңес беру, емдеу шараларын жүргізуде.
8-9 тамыз күндері аралығында ұйымдастырылып жатқан іс-шараға келіп, тәжірибелі дәрігерлерден кеңес алушылардың қарасы қалың.
Солардың бірі еңбек ардагері Қайып Әбдібеков. Ол медицина ғылымдарының докторы, «Казмуно» ангио және рентгендік-эндоваскулярлық хирургия профессоры Серік Тұрсынбаевтың қабылдауында болып, тиісті кеңестер алған. Ардагерге ұзақ жылдар бойы мазалаған буын ауруы жөнінде қажетті дәрілер тізімі берілген.
Сондай-ақ, жоғары санатты хирург, Алматы қаласындағы темір жол ауруханасының клиникалық-оқыту орталығы директорының орынбасары Алик Искаковтың қабылдауында болған аудан тұрғыны Лаура Қалыбаева іс-шараны ұйымдастырушыларға дән риза.
Сырдария ауданында өткізіліп жатқан игі шараға көршілес Жалағаш, Қармақшы, Шиелі аудандарынан да келіп ем алушылар бар.
Олар ауданның 90 жылдығына орай жергілікті әкімдік пен жерлес дәрігерлердің бірлесе ұйымдастырған тегін кеңес беру, емдеу шараларына жоғары баға беруде.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<