Түркістанды қар басып қалды

361

0

Фото: Антон Лещенко

Түркістанға қалың қар жауды, деп хабарлайды Kazinform.

Түркістанға қалың қардың жаууы өте сирек кездеседі. Қысқы маусым басталғалы өңірге қалың қар түспеген болатын. Жаңа жылды да түркістандық тұрғындар қарсыз қарсы алды. Ал, бүгін қала ақ қарға оранды.

Қазіргі таңда қала орталығындағы қоғамдық орындар мен көлік жолдары тазаланып, құм мен тұз себіліп жатыр. Жүзге жуық адам мен 15-тен астам техника қар тазалау жұмыстарына жұмылдырылған.

Фото: Антон Лещенко

«Казгидромет» мамандарының мәліметінше, Түркістанда күн райы бүгін түнде -10 градусқа дейін төмендейді. Ал, ертең +2, +4 градусқа дейін қайта көтеріледі. 14, 15 қаңтар күні жаңбыр жауып, соңы қарға айналмақ. Күні суытып, жел күшейеді деп күтілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<