Тұрғын үймен қамтамасыз етудегі нәтижелі жұмыстар

327

0

Фото: Сырдария ауданы әкімдігі

Сырдария ауданында өткен жылы құрылыс және инфрақұрылымдық жұмыстар жүзеге асты. Оның ішінде, тұрғын үймен қамтамасыз етуде нәтижелі жұмыстар атқарылды. Атап айтар болсақ, Жетікөл елді мекенінде 3 бөлмелі 2 тұрғын үй құрылысына аудандық бюджеттен 30,4 млн теңге бөлініп, құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» бағдарламасы аясында Тереңөзек кентінен халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін жапсарлас салынған тұрғын үйлерді сатып алуға республикалық және облыстық бюджеттен 796,8 млн. теңге, 6,7 млн.теңге қаржы қаралды. Бүгінгі таңда, аудан орталығынан жапсарлас салынған 40 тұрғын үй (80 пәтер) пайдалануға берілді.

Құрылыс аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуда жүйелі жұмыстар бар. Жоба құны 877,6 млн теңгені құрайтын Тереңөзек кентіндегі жаңа шағын ауданның инфрақұрылымының (100 га) қиыршық тас жолының құрылысын бастауға былтыр облыстық бюджеттен 200,0 млн теңге қаржы бөлініп, мердігер мекеме «Ақ тоған» ЖШС-мен құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2023-2025 жылдар аралығында жүргізіледі. Қиыршық тас жолдың ұзындығы-15,1 шақырым.

Оған қоса, жоба құны 257,6 млн теңгені құрайтын Тереңөзек кентіндегі жаңа шағын ауданның инфрақұрылымының (35 га) қиыршық тас жолының құрылысын бастауға да 2023 жылы 147,9 млн теңге қаржы қаралған. Мердігер мекеме «Ақ тоған» ЖШС-мен құрылыс жұмыстары жүргізіліп, биыл жалғасын табатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<