Ұлттық мереке күні 2 сәби дүниеге келді

378

0

Бүгін Қармақшы ауданының әкімі Әділбек Ерсұлтанов, қоғамдық кеңес төрағасы және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы ауданымыздың орталық ауруханасында болып, «25 қазан – Республика күні» туылған сәбилер мен аналарын құттықтады.

– Ата – бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күні қуанышымыз еселене түсуде. Осындай маңызы бар тарихи думанды сәтте елдің демографиялық дүмпуіне үлес қосқан Сіздерге алғыс білдіремін. Дүние есігін ашқан сәбилеріңізге дендеріне саулық, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, ынтымақ тілеймін! – деген ізгі тілегін білдірді аудан әкімі.

Сондай-ақ, әрбір анаға жаңа туылған сәби күтіміне арналған қобдиша сыйға берілді.

Өз кезегінде босанушы аналар Жадыра Оспанова мен Назерке Әлиева зор ризашылықтарын жеткізіп, тілектерін білдірді.

Ұлттық мереке күні Қызылорда облысы бойынша 55 сәби дүниеге келсе, оның ішінде Қармақшы ауданы бойынша 2 сәби дүние есігін ашқан.

Қазіргі таңда балалар мен аналарының денсаулық жағдайлары жақсы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<