Жалаңтөс батыр ауылында «Жастар керуені»

428

0

Қазалы ауданы әкімдігінің қолдауымен және аудандық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырып жатқан «Жастар керуені» жобасы Қарашеңгел ауылдық округінде жалғасып жатыр.

Қазіргі таңда елді мекенде Т.Ақжігітов, Жалаңтөс батыр, Ә.Тілеубаев, Қ.Пірімов, Т.Елеусізов көшелерінің тұрғындары және оқушылар құрамалары арасында волейболдан жарыс өтіп жатыр.

Оған дейін ауыл келіндері арасында «Келіндер» сайысы және округ жастарының қатысуымен үстел теннисінен жарыс өтіп, жеңімпаздары анықталды. Одан бөлек, «Құмар ойын құрдымы» атты жасөспірімдермен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Ауылда кешкілік «Tulga bol» атты кеңес беру алаңы жұмыс жасап, тиісті сала қызметкерлері елді мекен тұрғындары мен жастарын қабылдап, мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін түсіндіреді. Сондай-ақ, ашық аспан астында бейресми кездесу өтіп, жастар өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтады.

Айта кетейік, бүгін Жалаңтөс батыр ауылында гала концерт ұйымдастырылып, жоба аясында таңнан кешке дейін өткен сайыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталатын болады. Оған қоса аудан және ауыл өнерпаздары өнер көрсетіп, ауыл халқына ерекше көңіл-күй сыйламақ.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<