«Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-да жас мамандарды қолдау және энергетика саласына білікті кадрлар тарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
Осы мақсатта өңірдегі жоғары және арнаулы оқу орындарымен тығыз байланыс орнатылып, бітіруші түлектермен кездесулер ұйымдастырылуда. Нәтижесінде, энергетика саласында еңбек жолын бастауға ниетті бірқатар жас түлектерге компанияға жұмысқа орналасуға жолдама берілді.
Жас мамандарды қолдау – саланың тұрақты дамуы мен жарқын болашағына салынған инвестиция. Компания алдағы уақытта да кәсіби білікті, білімді жастарды қолдап, олардың еңбек жолын сәтті бастауына жан-жақты жағдай жасай береді.





